Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әжек пен Шәріпжамал айтысы (2-бөлім)

Әжек Мырзаұлы, Шәріпжамал · 2 мин оқу

Шәріпжамал:
Сен, Әжек, ой жіберші бері қарап,
Сыймайды бір кеудеге екі талап.
Ұстаған екі кеме суға кетер,
Есіңде жоқ па сенің дейтін сабақ?

«Алыстан әдейі іздеп келдім мен», – деп,
Айттың сен оның несін сөзге балап?
Ер болсаң, уәделі сертке жеткіз,
Қаңлының не таппақсың қызын санап?

Әжек:
Болады кімге жолдас дүние деген,
Би, шешен жиын десең үймелеген.
Тұсыңа ерте-ақ басып, келіп едім,
Бозбала жол бермейді кимелеген.
Қаңлының жігіттерін сұғанақ қып,
Жаратқан мен не дейін бұл иеден?

Шәріпжамал:
Көшкенде мінетінім таған керсін,
Алыстан іздеп келген, Әжек, сенсің.
Адамға анау-мынау жолың беріп,
Жүретін жайбарақат қандай ерсің?
Алдыңда қайда барсаң, есік жабық,
Сен қашан тең құрбыңмен теңелерсің?
Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап,
Боламыз қай уақытта, Құдай білсін?

Әжек:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Әр іске асы болма сөз қуарлық,
Өмірің алдап кетер тұмандаған.

Шәріпжамал:
Ал, Әжек, сен айтты деп молда барман,
Құдайдың көрдім ісін басқа салған.
Жүректің шын жұмбағы бір шешілер,
Шешілмесе, кетед те іште арман.
Әуелде аса жүйрік болсаң-дағы,
Кәзірде сен боп тұрсың кейін қалған.

Әжек:
Мінгенім астымдағы қоңыр дөнен,
Азырақ, көбеңдігі сұлы жеген.
Танбайды сонда-дағы шабысынан,
Әдейі жарысуға келген сенімен.
Әуелде жаралуы шыны құрыш,
Болатты жасық болмас соққанменен.
Болмаса, шебер салған асыл өрнек,
Өзгермес жауын шайып, кепкенменен,
Жоқ деген игіліктің ерте-кеші,
Бұйырған кетпес, уақыт өткенменен.

Шәріпжамал:
Арғымақ ат та жақсы шаппаса да,
Қақпанға түсер қасқыр сақтанса да.
Жапалақ қайырғанмен қаз алмайды,
Басына жез томаға қаптаса да.
Жетесіз жабы шауып, бәйге алмайды,
Сүт беріп, ақ бидаймен баптаса да.
Өжет бол, алғың келсе, тіршілікте.
Басыңды қанжарменен ап қалса да.
Асылдың сыны кетпес, сыры кетер,
Берікте Әжек батыр сақталса да.

Әжек:
Шырағым, сөз айтасың қалай-қалай?
Әр істі көріп жүрміз жастан талай.
Мақтанба жетелімін, жүйрікпін деп,
Қайтер ең, жеңіп өтсем алдыңды орай?

Кездескен нелер жүйрік, кетті олар да,
Жарыста бұл Әжекке шыдап тұрмай.
Қаңлының биігінде сен бір шынар,
Бұтағың өрлей бермес бір күн сынбай.

Білемін сының кетпес, сырың кетер,
Айрылып жапырағыңнан болсаң жұрдай.
Егерде сен жүйрік боп, мен жабы боп,
Бәйге алам жарыссам да, бақытым солай.

Шәріпжамал:
Білемін сенің атаң – Құнанбайды,
Той десе, Шәріпжамал бұлаңдайды.
Шабысты былай қойып желісіме,
Жабылар қатарласып, жүре алмайды.

Қанатым күн шалмаған мен бір тұйғын,
Жолымда жапалақтар тұра алмайды.
Өрем кең: шапсам – озам, қусам – жетем,
Менімен ерегескен тыңаймайды,
Байқап бас аяғыңды, Әжек, батыр,
Аңғарып, білмек болсаң, біздің жайды.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз