Тұяққа тұяқ
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Орта жүз бекг кіші жүздің арасында бір барымта дауы болып, орта жүз адамдары неіііе рет келіп малын ала алмайды. Соңғы рет келе жатқанда жолаушыларға Сырым жолығып, жөн сұрапты.
– Уа, ағайындар, жол болсын! Билеріңде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ, неткен жолаушыларсыңдар? – дейді Сырым.
Жолаушылар жай-мәнісін айтады. Сырым қосыла жүреді. Кіші жүздің ханына келіп, елдің дауын айтады, бірақ екі елдің арасы бітімге келе алмайды. Сонда Сырым екі ел арасының бітімін көздеп ханға:
– Бір дауды шеше алмасаң, несіне хан болып отырсың, құлаққа құлақ тұяққа тұяқ емес пе? – дейді.
Хан сөзден тосылып, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, орта жүзді разы ғып қайырыпты.