«Тасып жүргенім жоқ... сасып жүрмін»
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым Нұралыға наразы болып жүргенде: «Аз бен көпті, ақ пен қараны, нашар мен мықтыны теңгере алмадың, біреу біреуді шауып жеп жатыр, оны басқара алмадың» – депті. Нұралыға бір кез келгенде Сырым амандаспай жүре береді.
Сонда Нұралы:
– Батыр, бұрылып сәлем бергің келмейді, тасып жүрсің-ау! – депті.
Сонда Сырым:
– Хан, тасып жүргенім жоқ, қара қазақ баласының басып қоса алмай сасып жүрмін, – депті.