Сырым мен Нұралының қақтығысуы
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Нұралы хан Сырыммен жарасқысы келіп, араға кісі салып, ордаға шақыртады. Сырын Нұралының елшісіне екі сұрақ қояды:
Құс көлге бара ма? Кел құсқа бара ма?
– Әрине, құс көлге барады, – дейді елшілер.
Қонақ ордаға қеле ме? Орда қонаққа келе ме?
Әрине, қонақ ордаға келеді.
Ендеше— дейді Сырым. – Халық – көл, хан —- құс. Ел – орда, хан – қонақ.
Көл құссыз да күнелтеді, құс көлсіз күнелтіп көрсін. Орда қонақсыз да өмір сүреді, қонақ үйсіз өмір сүріп көрсін. Менің ханда ісім жоқ, ісі болса өзі келсін!
Сөзден тосылып, жолдас-жораларымен Нұралы хан Сырым батырға келеді. Сырымның аулы отырған жерде биік қара төбе болады екен. Хан мен батыр сол төбенің басында жолығыс жасайды.
Аттың торысы көп пе, төбелі көп пе?~ дейді Сырым.
– Әрине, торысы көп, – дейді Нұралы.
– Зордан да зор бола ма? – дейді хан.
Зордан да зор шығады.
– Екі көзің сонда шығады, – дейді батыр. Сырым Нұралының аузын аштырмайды, бір сөзін асырмайды. Халық пен хан арасындағы бұрыннан білтелі жара бітіспей, қайта шиеленісе түседі. Сырым қарттармен ақылдасып, халықты күреске әзірлей береді.