Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сырымның Малайсарымен ақылдасуы

Сырым Датұлы · 2 мин оқу

Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, Байбақтыға бас болып, елді бастаңдар» – депті. Сонда жұрт қаңтарылып кідірген соң, аяқ жақтан Сырым шығып:

– Бәлі аға, би де, басқарушы да, бастаушы да болам, – деп Бұланның алдына келіп отырыпты.

Сырым сонда 20 жастағы уыздай жігіт екен. Хаған қарт батасын беріп, содан бастап Сырым Байбақтыға би болыпты.

Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман, Тана, Малайсары биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.

Малайсарының аулы төменгі Тоиайды қаласының аузында екен. Малайсарының шаруасы шағын болса керек. Ауылына келгенде қарт азғантай қойының алдында тұр екен. Сырым сәлем беріп:

– Аға, кім болдыңыз! – деп сұрапты,

Малайсары:

– Шырағым, кім болайық, осы жердегі аз үй Танамыздағы, – депті. Сонда Сырым:

– Тананың қайсысысың. Жеті үй – Жиембетпісің? Бес үй – Бессарымысың? Тышқан құлақ – Асанбысың? Төлеуден алған – Құнанбысың? – дегенде, Малайсары:

– Шырағым, Тананың пәленімін деп неғылайын. Танысаң танырсың! Мен де сені танып тұрмын. Даттың аузына шайтан түкірген бір баласы желігіп атқа мінді деп естіп едім. Сен, сірә, сол бала боларсың! – депті.

Сонда Сырым:

– Бәлі аға, сол бала боламын. Ауылдан шыққанда Сізді сөзден ұтсам, Тананың алжыған бір шалы ғой деп күлкі қылайын, ұтылсам, ат мінгізіп, шапан жауып, батаңызды алайын деп аттанып ем, ұтылдым, батаңызды беріңіз, атыңыз – мына астымдағы ат, шапаным мынау! – деп үстіндегі шапанын шешіп беріпті. Малайсары екеуін де алмай, былай депті:

– Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң артыңа ермес. Ол үш сөз: ұят, борыш, обал! Одан кейінгі бір ақылым: «Жақынды жаралама, Алысты қаралама!»

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз