Сырымның Үргеніш шешенімен айтысы
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым Үргеніштің ханына барып, жүз көріс қылған, хан Сырымның атағын сырттан: «Қазақтың өзі шеыіен, өзі батыр кісісі» деп есітеді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты.
Үргеніш шешені:
Су анасы не?
Жол анасы не? –
деп сұрайды.
Сырым батыр:
Су анасы бұлақ.
Жол анасы тұяқ! –
деп жауап береді. Үргеніш шешені:
Жауда мұрады не?
Қыз мұрады не?
Жол мұрады не? –
дейді.
Сырым Батыр:
Сауда мұрады – ұту.
Қыз мұрады – кету,
Жол мұраДы – жету, –
дейді.
Үргеніш шешен:
– Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? – деп сұрайды.
Сырым батыр:
– Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? – дейді.
Үргеніш шешені:,
– Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? –
дейді.
Сырым батыр:
– Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға берген адам Сырымды күнде жеңеді, – дейді.
Үргеніш шешені:
«Қонақ аз отырып, көп сынайды» деген, сіз қонақсыз, өз елінізге барғанда біздің халықты қандай ел көрдім деп барасыз? – дейді.
Сырым батыр сонда:
– Ешкісі семіз қойы арық –
Мал сорлысы сонда екен.
Жері сортаң, суы ащы,
Жер сорлысы сонда екен.
Қатыны семіз, ері арық –
Ел сорлысы сонда екен, –
– деп барамыз да, өтірік айтар дейсіз бе? – деген екен.