Алдар бидің сұрауына Сырымның жауабы
Сырым Датұлы · 1 мин оқу
Сырым Есімханды өлтіріп келгенде, Алдар би:
– Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың,
Жоқтан бар болдың.
Көнеден дәурен озды,
Кандей қамқа тозды.
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды, –
депті.
Сырым сонда былай деп жауап қайырған екен:
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам жараған болар.
Жоқтан бар болсам,
Құдайым қараған болар.
Көнеден дәурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Күтімі кеткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар,
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар.
Сонда Алдар би: «Жарайсың балам, жарайсың, қадамың қайырлы болсын!» – деген екен.