Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бекболаттың Абылай ханға айтқаны

Бекболат би · 2 мин оқу

Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. «Мені басынғаны ғой», – деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.

Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:

...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, – дейді.

Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:

– Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, – деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:

– Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, – дейді.

– Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, – дейді Бекболат.

Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:

– Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, – дейді. Өлден уақытта: « – «Бір қарайған көрінеді», – деген соң Абылай:

– Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, – дейді. Айтқанындай Бекболат екен.

Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:

– Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасындағылар қандай еді? – дейді.

– Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, – дейді Абылай.

Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:

– Орал таудың ор түлкісі,

Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, – деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:

– Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? – депті қасындағы билеріне.

– Сол арасын аңғара алмай отырмыз! – деген соң, Абылай:

– Білмесеңдер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, – деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. – «Орал таудың ор түлкісі» деп ол өзін айтты. «Айнала қуса ит жетпес» деп сендерді айтты. «Орал таудың ақ иығы» деп мені айтты». «Ак иық келсе, тек кетпес» – деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың» дегені. «Сондадағы мерт етпес» дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені» депті.

Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. «Көп қорқытады, терең батырады» деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.

Шешендік сөздер

Барлығы: 103 шешендік сөз

Тағы оқыңыз