Байдың тісі мен жалшының ақысы
Қазыбек би · 1 мин оқу
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы «сенен шығамын» деп ақысын сұрайды. Бай «тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым» деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
– Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, – дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
– Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен қуады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, – деп сөзін аяқтапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
– Ас адамның арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. «Аш кісі ұрысқақ» деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, – дейді.