Қожанасыр мен балалар
1 мин оқу
—Жол жүріп бара жатқан Қожанасыр бір топ балалардың ойнап жүргенін көрді де, олардан:
—Балалар, ешнәрседен хабарларың болды ма?—деп сұрады.
—Жоқ,—деді олар. Қожанасыр ойланып тұрып:
—Ана таудың баурайындағы ауылда Мырзабек ағаң бір қап жаңғақты үлестіріп беріп жатыр.
Бұл әңгімені есіткен балалар Мырзабек ағасының ауылына тұра-тұра шауып кетті. Айтарын айтса да, «бұлардың жүгіруі тегін емес шығар» деп күдіктеніп, балалардың артынан өзі де жүгіре берді.