Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Атыңа лайық, қаттылығыңа тартқаның да

1 мин оқу

Бірде Ақсақ Темір Қожаға:

—Қожеке, бүгін мен бір көңілденіп отырғаным. Саған бірдеңе сыйлағым келеді. Бірақ сенің қу жаның нені қалайтынын білмей отырмын,—дейді.

—Тақсырыңа құлдық,—дейді Қожа.—Сен не берсең де, маған ұнайды ғой.

—Жарайды,—дейді Темір, онда мен сыйға берілетін дүниелерді атап өтейін, сен соның ішінен қалағаныңды алғайсың: он алтын теңге, бір ат, бір қора қой, бір бақша, қане, осының қайсысын аласың?

—Сен алда-жалда менің шын көңіліммен нені қалайтынымды білгің келсе, мен сенің нағыз әділ де жомарт болғаныңды қалар едім.

—Бұл сөзіңнің мәнісі қалай, қайтсем, мен сондай патша бола алам?

—Оның мәнісі былай,—дейді Қожа,—ол оп-оңай: сен он алтын теңгені менің жанқалтама салып, атқа мінгізіп, бір қора қойды бақшаға қарай айдатып жіберсең, сенен асқан жомарт, сенен асқан әділ патша болмайды бұл дүниеде.

—Дәмең зор-ақ екен! Ал, түк бермесемші?—дейді Темір.

—Несі бар, онда атыңа лайық қаттылығыңа тартқаның да,—депті Қожа.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз