Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әйелі өлгенде аза тұтпаған Қожа, есегі өлгенде аза тұтады

1 мин оқу

Қожаның әйелі дүние салғанда, пәлендей қайғы, реніштің нышаны жүзінен байқалмаса керек. Арада аз уақыт өткен соң Қожаның есегі өліп қалады. Қожаның қатты қайғырып, аза тұтып отырғанын көріп, достары:

—Әйелің қайтыс болғанда, қабағыңды да шытқан жоқ едің, есегің өлгенде еңсең түсіп, еңіреп отырғаның қалай?—дейді.

Сонда Қожа:

—Әйелім дүние салғанда, көрші-қолаң келіп: «Қатын өлді, қамшының сабы сынды. Қайғырма, жібі түзу бір адам тауып, тағы да үйлендіреміз» деп көңіл айтып жұбатқан еді. Ал, байғұс есегім тырайып қалғанда, жұбатпақ түгіл, тірі жан есігімді ашқан жоқ. Ендеше мен қамықпағанда, кім қамығады?— депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз