Қожа өзінің жүгінен өзі ат-тонын ала қашады (І түрі)
1 мин оқу
Қожа біреуді жалдап, жүгін соған көтертіп жолаушылап келе жатады. Бірде жол-жөнекей әлгі адамынан көз жазып қалады, қанша іздегенімен таба алмайды.
Арада он күн өткен соң Қожа достарымен келе жатқанда, бір досы:
—Әне, сенің іздеп жүрген адамың,—дейді. Мұны ести салысымен Қожа көзден ғайып болады.
Соңынан досы жолығып:
—Жаңағы адамды ұстап алудың орнына өзіңнің қашып кетуің қалай?—дейді.
Сонда Қожа:
—Ол менің жүгімді көтеріп жүргелі он күн болды. Егер ол мені ұстап алып: «Жүгіңді он күннен бері көтеріп жүрмін, ақысын төле», деп дауласса, мен не бетімді айтамын,—депті.