Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың сандыққа жасырынуы

1 мин оқу

Қожанасырдың үйіне бір топ ұрылар іс-міс жоқ кіріп келіпті. Оны сезіп қалған Қожанасыр олардан бұрын өз сандығына кіріп жасырынып үлгіреді. Ұрылар ары-бері тіміскілеп жүріп, үйден жарамды дәнеме де таба алмаған соң, сандықты ашып қараса, оның ішінде бұғып, жасырынып жатқан Қожанасырды көреді. Ұрылар:

—Хош, бұл қалай, сандықтың ішінде не істеп жатырсың?

—Үйде сендер алатын жарамды ешнәрсе болмаса да сендердің арсыздықпен кіргендеріңе намысым келіп ұялып жатырмын,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз