Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың түс көруі

1 мин оқу

Қожанасыр бір күні ұйықтап жатып мынадай түс көріпті. Түсінде Қожанасырды хан алдына шақырып алып:

—Сенің сұлу әйелің бар деп естідім, сол әйеліңді қиып маған өзің әкеліп берсең, бас уәзір қылып аламын,—депті. Бұл сөзге Қожанасыр көп ойланбай-ақ:

—Құп, болсын, тақсыр, бірақ қасыма отыз тоғыз уәзіріңізді ертіп, мені бас уәзір етіп жіберіңіз. Әйтпесе әйелім нанбай жүрер,—депті. Хан бұл сөзді мақұл қылып, отыз тоғыз уәзірін ертіп, өзін бас уәзір қылып, үйіне қоя беріпті. Қожанасыр уәзірлерін ертіп, үйінің алдына келіп уәзірлеріне:

—Сендер тұра тұрыңдар, мен әйелімді өзім ертіп шығайын,—деп үйіне кіріп барыпты да:

—Қатын, қатын, тез киін де жүр, сен ханға қатын болатын болдың, мен бас уәзірі болатын болдым,—деп оянып кетіпті. Әйелі ұйқылы көзімен әлгіндей деп тұрған Қожанасырға:

—Сен не деп сандырақтайсың, бейшара саған ұйықтағанда да тыныштық болмайды екен,—десе, Қожанасыр орнынан атып тұрып:

—Не дегенді қайтесің? Жүр, жүр,—деп әйелінің қолынан ұстап дедектете есікті ашып далаға шыға келіпті. Дәл осы мезгілде есігінің алдынадағы жолмен ханның қырық уәзірі өтіп бара жатыр екен. Бұларға Қожанасыр айқай салып:

—Әй, сендер мені тоспай неге кетіп бара жатырсыңдар?— депті. Бұл сөзге ханның өте қу бас уәзірі Қожанасырдың бір іспен шатысып жүргенін сезіп қалып:

—Сенің әйелің өте нашар адам деп естідік, сондай әйелге қор болып жүргеніңе саған көңіліміз қалып кетіп барамыз,—депті. Бұл сөзді Қожанасыр ести сала санын бір соғып:

—Қап, сенің нашарлығың әлгі ортада білініп қалыпты. Аяқ астында уәзірліктен айырылып қалдым-ау,—деп өкініпті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз