Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасыр мен сараң бай

1 мин оқу

Қожанасыр бір сараң байға жалданды. Екі, үш, тіптен төрт, бес айға дейін еңбекақысын ала алмады. Енді мүлде кетпекші болып ақысын сұрап еді, сараң бай:

—Базардан барып бір ойбай мен бір байбай сатып әкелсең, ақыңды төлеймін,—деп бірер теңге ақша ғана беріпті.

—Мақұл,—депті Қожа. Сараң саудагердің қорасынан шығып кетіп, базардан бір жылан, бір қара құрт сатып алып келіпті. Мұны білмеген сараң саудагер бір қалтаның ішіне қолын тығып көрсе, қара құрт шағып алыпты. Бай шыдай алмай «ойбай» деп жантая кетіпті. Сол кезде Қожанасыр:

—Байбайы мына қалтада, байеке, қане ертерек ақымды төлеңіз,—депті қолын созып.

—Ойбайы да жетті, мә, ақыңды ал да, құры!—депті. Ақысы қолына тиген Қожанасыр қаттырақ дауыстап:

—Сазайын тарттырмасаң, бұл малғұндар сандалта береді,— депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз