Қожанасыр мен шайтан
1 мин оқу
Бас қосып отырған жиылыста Шайтан сопы үздіксіз жыртыңдап күле берген соң, Қожанасыр сұрау қойды:
—Не болды, Шайтеке, сізге?
—Ішіме шайтан кіріп кеткені!
—Оныңыз бос сөз, түлкі алдамайтыны сияқты шайтан шайтанның ішіне кірмейді,—деді Қожанасыр.