Қожанасырдың сатушы болуы
1 мин оқу
Өткен заманда Қожанасыр сауда жұмысымен айналысып, бір саудагердің дүкеніне сатушы болыпты. Бір күні тұтқиылдан ревизор келіп, апай-топай ревизия жасады. «Қорытындыда үш жүз сом ақша саудаңнан артық шықты»,—деді ревизор. Қожа мұңайып қалды. Ревизор:
—Бұл ақшаның иесі кім?—деді.
Қожа күлімсіреп:
—Тапқан сіз. Әрине, сіздікі емес пе?—деді де, үш жүз сом ақшаны тұтасымен ревизордың қалтасына тыға салды да, тамсанып бетіне қарады. Ревизор ақша қалтасына түскен соң қоштасып жүре берді.
—Тоқтай тұрыңызшы,—деді Қожа сабырсызданып шыдай алмай.
—Ал тағы не айтарың бар еді?—деп тұра қалды дәмеленген түрімен.
—Оң қолыңыз сол қолыңызды, сол аяғыңыз оң аяғыңызды алдап тұр. Аузымдағы шайнап тұрған сағызымды жұлып алдың, жартысын беріп кетпейсің бе, найсап!