Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожа құс салады

1 мин оқу

Бірде Қожа «осы жұрт құсап мен неге құс асырап, аңға салмаймын» деп ойлап бір сауысқанды ұстап алады да, асырай бастайды.

—Сауысқан аңға түсе ме екен?—деп күлгендерге Қожа:

—Түскенде, аңның ірісіне сауысқан түссін,—деп жауап береді.

Күндердің бір күнінде сауысқан қолға әбден үйреншікті болған соң, Қожа құсын ұстап есік алдына шығады.

—Бүркітімді аңға саламын,—деп жар салып, сауысқанын ұшырып кеп жібереді. Сауысқан салған бетте ауыл шетінде жайылып жүрген бір ала сиырдың үстіне барып қонады. Ай-шай жоқ, Қожа сиырды ұстап әкеп, соя бастайды. Малдың иесі келіп:

—Қожеке, мұның не? Біреудің малын тапа-тал түсте сойып жатқаның?—дейді.

Сонда Қожа басын көтеріп, байсалды пішінмен:

—Өзің есің адасудан саусың ба? Бұл менің бүркітімнің түсіп алған аңы, мұнда ешкімнің дау-дамайы жоқ,—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз