Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау!

1 мин оқу

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой» деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып:

—Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау!— депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз