Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көйлегімнің ішінде өзім болмағаныма шүкір... (І түрі)

1 мин оқу

Қожанасыр бір күні түнде далаға шықса, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мылтығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастайды да, «неде болса ертең көрермін» деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңіне тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрқ-шұрқ қып тесіп кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері айналдырып көріп тұрып:

—Қатын, қатын, апырай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам, не болар едім?—депті.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз