Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Менің затымды алыңыз (ІІ түрі)

1 мин оқу

Әпенді бір кесек еті қолында, үйіне қарай асықпай, маң-маң басып келе жатады. Сол кезде қарсы кездесе кеткен бір ашқарақ ит мұның етін жұлып алып қаша жөнеледі. Бармағын тістеп өкініп қалған Қожа аңырып жан-жағына қарайды, анадай жерде біреу ет сатып тұр екен.

Әпенді көп ойланып жатпай әлгі кісінің етін жұлып алып қаша жөнеледі.

—Әй, Қожа, таста қылжақты, етті қайтар!—деп айқайлайды анау.

—Орнына менің етімді ал!—дейді бұл

—Ол қайда?

—Ана қашқан иттің аузында!—депті Қожа.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз