Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хибстағы ұрының мінажаты

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 58 жол

Уф, Алла! Бітті қаным, шықты жаным,
Шірір ме бұл хибста ғазиз тәнімө
Таусылып көздің майы, қуат кеміп,
Сиқым бар жан танымас, кетті мәнім.

Мінеки, жиырма бес ай мен жатқалы,
Хибста тұтқын болып дәм татқалы.
Ұшырап жетім-жесір қарғысына,
Ерік кетіп қол-аяқты байлатқалы.

Пәле боп іздеп басқа тапқанымыз:
Жазасын тартып қазір жатқанымыз.
«Фәленше пәлен» деген атқа мәз боп,
Аяғы неге соқты мақтанымыз!

Бит, бүрге, қандалалар қанды сорып,
Қасынып түнде ұйқы жоқ, жанды қорып.
Білмейміз елдегілер неғылып жүр,
Қазіргі осы боп тұр біздің жорық.

Қара нан қыжылдатып, жүрек кесіп,
Жатасың жамбасыңды тақтай тесіп.
Осы екен: «ұрлық түбі — қорлық» деген,
Япырым-ай, құтылармыз енді нешікө

Алмайтын мықты неме елдің сөзін,
Тісіңді қайра да жат өзіңе-өзің.
Кілтті есік, тас кереге, темірлі әйнек,
Шыға алмай құр жылтырап екі көзің.

(«Қазақ энциклопедиясы», 1995 ж.) Түпнұсқасында қапастағы деп
жазылған (Ред.)

Найзалы мылтық, қылыш қолына алып,
Күні-түні күзетшілер тұрған бағып.
Білінсе бір кәдігің бітті саудаң,
Батырым, құтыларсың бұдан неғыпө

Астыңа жел жетпесті мініп алып,
Күн бұрын мал өрісін біліп алып,
Жабысып ат жалына ай жарықта
Кететін қолдар мынау іліп алып.

Жануар қысса тақым сезуші еді,
Қайшылап құлақтарын безуші еді.
Взі тоқ, жетектегі семіз шіркін,
Әреңге қызыл май боп еруші еді.

Кептіріп аттың терін тек тұрмадық,
Байлардан шама келсе көпті ұрладық.
Сүйекке әбден сіңіп алғаннан соң,
«Кедейдің көкшолағы» деп тұрмадық.

Жолдастар қосылушы еді әлдеқайдан,
Демеуші ек: «Мынау — арғын, мынау — найман».
Шыққанда елден аулақ таң бозарып,
Әндетіп өтуші едік терең сайдан.

Деуші едік ұрлық малды «түнде туған»,
Жігітті «батыр» деуші ек оны қуған.
«Қой!» деген ақыл сөзді құлаққа ілмей,
Көз жасы енді мынау бетті жуған.

Басымнан кінәм асып мұнда түстім,
Ақыры не болғанын көрдім істің.
Босатып бір ат берсе жіберетін,
Көзімнен болыс, билер бір-бір ұштың.

Жаза гөр топырақты елден, Алла!
Тілегін міскіндердің берген, Алла!
Құлыңа екі жаза бере көрме,
Кеше гөр, қылдым тәуба, тәуба, тәуба!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері