Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тұтқын

Мағжан Жұмабаев · 17 жол

(М.Д-ға хат)

Кеудеде — от, іште — жалын, көзде — жас,
Күні-түні қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, тым қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш!

Күн түсірмес мейірімі жоқ қаратас,
Ағармай ма мұндай үйде қара шашө
Жанында жоқ жаны ашитын жақын жүз,
Тасбауырлар ыңғайына қарамас.

Жарық сәуле не Ай, не Күн көрсетпес,
Жақынының: «Ой бауырымын!» естірмес.
Іс — санаулы, сөз — аңдулы, ерік жоқ,
Вз қолымен ұнамды тон піштірмес.

Қайғыланба, сорлы тұтқын, еш нетпес,
Күн батқанмен таң атпайтын түн жетпес.
Ер жүректі азаматтың басына
Бұл жалғанда нелер келіп, не кетпесө

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері