Күй (3-бөлім)
Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 163 жол
Мейілі, қайдан алса қобыз күйін.
Алдандым осы шалдың күйін тыңдап,
Жабығып, өрге
өрлемей, төмен құлдап.
Көңілді көне күйдің тоты басып,
У сеуіп жүрегіме, жанымды улап.
Еріксіз алған баурап шалдың күйі,
Жүрекке жұққан шері басқан кірі:
Жылаған, күңіренген ол, күйін тартқан,
Жырлаған дертті
жүрек, улы миы.
Көп жүргем көңілім
жүдеп, жаным жадап,
Жабыққам, жатырқағам, тартқам азап.
Сонау күй жүрегімді тыныштатпаған
Пышағын кейде салып, кейде қадап.
Шатырлап бұлт
алған Алатауды,
Сатырлап бұршақ
төгіп, нөсер жауды.
Сарқанның қып-қызыл
боп суы тасып,
Не болды, біле алмағам, шалдың аулы.
IV
Ашылған күн даланы долдандырған,
Басылған алай-түлей соққан боран.
Қысқан қыс
іріп-шіріп қырдан кетіп,
Жақсы жаз
ойды-қырды нұрландырған.
Арылған жапан дала жауған удан,
Жарқырап қыр қуантып
нұр күн туған.
Қамқорым қайраттының
білегімен,
Жын бұғау быт-шыт болған қырды буған.
Құрт, қасқыр
тозғындаған жатқан жайлап,
Өлік ел тұра
келген құж-құж қайнап.
Біз азат!
Біз жасаймыз!- деген жарлы,
Қызыл ту қызғалдақтай қырда жайнап.
Ұлы ду,
жамырасқан жарлы халық,
Қайратты қайраған
сол, жанды жанып.
Жарлы елдің жазын берген, нұрлы күннен,
Бір тамшы жүрегіме кеткен тамып.
Ыза боп көне күйдің күйігінен,
Бөлініп кеткем
өскен үйірімнен.
Шыңшықты шыңнан
іздеп шыққам жолға
Қойғам да
мәселені бүйірінен.
Қалдырап құла құм
мен боз даласын,
Қалдырап даланың қыз, бозбаласын.
Талап қып жауар ма деп нұр іздегем,
Аралап үлгілі елдің кент-қаласын.
Қайнаған, қыбырлаған қала келгем ,
Дәметкем дәннің
дәмі нәр-ақ елден.
Жасапты талай еңбек,
талай білім,
Бергенін әл-шамамша ала бергем.
Күй көргем көкті қауып күрілдеген,
Жан-жаққа «киін»
деген, «жиыл» деген.
Күш көргем тауды-тасты талқан етіп,
Қорқытқан, шалқып оты дүрілдеген.
Жан көргем жабырласып күшін қосқан,
Еңбегін еншілескен, ісін қосқан.
Өмірін өздерінше өзгертуге,
Қайнаған, қайрат
еткен, қол ұстасқан.
Көргенде күйелі төс, күсті білек,
Тапқандай жаңа
ауыл, жаңа тілек,
Жылы қан улы бойда шым-шым қайнап,
Сауығып сала берген дертгі жүрек.
Мыңдаған
оркестрлі көргем топты,
Жырлаған жаңа
өмірдің күйін соқты.
Жуылған жүректен у сол күйменен
Аршығам көңілімді басқан тотты.
Балғалар сом темірді соққан қапы,
Тас, шойын қорып
отқа, қайнап ақты.
Иіріп жүн-жұрқадан
жіңішке жіп,
Машина қоңыр самал күйін тартгы.
Сол күйге жан жалынған, жүрек жерік,
Шойындай сонау отта кеткем еріп.
Қобыздың улы күйін қаннан сарқып,
Соңғы күй тұла
бойды кеткен керіп.
Нұрланып қызыл
от боп күн шыққандай,
Түн кетіп жарқанатгар
тұншыққандай.
Тыңдағам
мыңның күйін жүрегіммен:
«Оян қарғыс таңба басылған,
Жалаңаш - аш күл, қайрат қыл»
Көкке өрлеп, жер тербеткен үн шыққандай.
Бұл емес, қырда аңыраған анау қобыз,
Бұл емес,
ызылдайтын жалғыз-жалғыз.
Бұл өктем
болат жігер, күрес күйі
Қосылған мың-мың дауыс, мың-мың ауыз.
Сондықтан осы күйден, ұлы күштен,
Көңіл шат, көкейге
үні қона түскен.
«Жалғыз үн, жарық қобыз, Молықбай
шал,
Тартар ма керек күйді - көкей тескен?»
Жоқ, тартпас,
қобыз үні кері кеткен
Берінің ыңыранғаны - белі кеткен.
Болмаса ажал күтіп анау шалдың,
Жұртта қап еңіреуі - елі кеткен.
Арылып жастың албыт тентегінен,
Құтылып соқыр сордың жетегінен.
Қуарған, қуанбаған
сорлы шалдың
Енді қош айтысқан жер ертегімен.
Сонымен сол сапардан қайтқам елге,
Өкініп өміріме
кеткен желге.
Жаңартқан жан жүректі әсем күйдің
Әніне әсерленіп басқам мен де.
Сонымен сол барғаннан кейін қайтқам,
Мен дағы жаңа
тапқан күйді тартқам.
Бағыстап жарлы жұртқа
жүрек жырын,
Байқамай, жыр айтам деп, сырымды айтқам.
Мен емес, мендей талай бармыз бірге,
Сол күйді айналдырдық
оркестрге.
Даланы дүркіретгі
күй оятты,
Басылды қобыз
үні... шал да көрде.
Күй күшті, тауды-тасты бұзатұғын,
Орнына өз өрнегін сызатұғын.
Талқандап
тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын.
Күй күшті, істі, еңбекті сүйдіретін,
Тамырын тас емшектің идіретін.
Жарлының тілек күйі, жүрек күйі,
Өмірді бүлдіретін, күлдіретін.
Аңдайын
айдаланы мекендеген,
Көңілін өміріне көтермеген.
Жарлы жұрт
жаны сүйіп тыңдаған күй,
Мұратқа енді осылай жетем деген.