Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жетісу суреттері (3-бөлім)

Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 117 жол

Асқарда шың мекендеп, жайлаған аң,
Тағылар тарғыл тасқа баурын төсеп,
Бар тышқан қоныс
алған балағынан.
Жасанған театрдағы ойыншыдай,
Құздардың көрінеді аң алаңынан.
Қиынның жынысыңда бар деседі,
Сілеусін, ілбіс, аю, бұғы, бұлан.
Кәдімгі қасқыр серек, қарақұлақ,
Шуылдайд
шүйебөрі үй артынан.
Кәдімгі қарсақ, сусар, бұлғын, жанат,
Сол таудың іздейді аңды ту сыртынан.
Таутеке, арқар, құлжа, қарақұйрық ,
Көруге болад бәрін жайылымнан.
Маралды мал ішінен атпен қуып,
Әкеп жүр ауылына айдап Албан.
Тазқара, балта жұтар, ақбас құмай,
Бұлақта отырғанын көрем ұдай,
Жарғақ бас жұртшы,
саржақ су бүркітер,

Құмайдың
қоғамында құдасындай.
Лашын, тұйғын,
тұнжыр, тыңар, мықи,
Ителгі, бәрпі, қырғи,
құр, тұрымтай.
Барайық шыңда ғана болад десед,
Бүркітпен барымталы ел ала жаздай.
Тығанақ, үкі, ақсары, құладындар
Сықылды толып жатыр мөжеп-томпай.
Албандар атын атап түстейтұғын,
Мінеки Алатауға біткен торғай:
Қара, боз, суық,
бұқбас, сипті, шымшық ,
Шапшақай,
майлық, маубас бұқа, шөже.
Тоқылдақ, сұрқұрқылтай,
бұлбұл, шымшық
Шымшықтың
сан-сапалақ атаулысы -
Айтарға сай-салада жүр лықсып,
Тас жырып, балақ біткен шыңға шықсан„
Күй тартар той қылғандай торғай сыңсып.
Көркемі көбелектің сол сайларда,
Гүл шолып, жүрер
ойнап ұшып сып-сып.
Үстіңнен аю тасты сылдырлатса,
Самайдан ішкен қымыз
шығар шып-шып.
Жер түгі
Ағашта өзің білген қарағай, тал,
Жалғыз-ақ неше
алуан түрлісі бар.
Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,
Ақ сасыр, қызыл қайың, барша, шынар.
Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен,
Үйеңкі, шырғай, балғын тораңғылар,
Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,
Тобылғы, түйеқұйрық,
бауырқұрттар;
Қараған,
бозқараған, шеңгел, шілік
Сықылды ағаштардың талайы бар.
Биікте бітед шөптен сарыкүйік,

Тістеніп жатыр жұлып
малы сүйіп,
Қымызын сарыкүйіктің ішеміз деп,
Албандар қоныстайды құстай биік.
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, ендік, мейіз, киізкиік,
Аңшалғын, көкемарал,
бетеге, раң,
Жапырақтеңге,
бұйра қисық иық,
Балдырған, уқорғасын, атқұлақты
Елік жүр сонысында соны қиып,
Жұлкеуір, бәрпі, шырыш, шытыр.
Сауыны биеемшектің кеп тұр иіп.
Мыңтамыр, жуа, рауаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ,
Сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоқайна, меңдуана,
сора, шақпақ,
Ішінде сол қурайдың сұлу солар,
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ,
Қанжыға,
қоға, сасық, аққой болып
Бөлінед жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге,
Ат қойған тау елінде сүйіп шын-ақ.
Өріске біткен осы өңкей сүтгің
Ішінде бір сүйкімсіз отыр бір-ақ:
Қалақай қара тарғыл ол айтқаным,
Сүйеді сүйкенгенді шымшып, бұрап.
Өзге жан өмірі оған жоламайды,
Төңбекшіп түйе жесе қалар құлап.
Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,
Атқұлақ Тасарықтың
тарысындай
Үш қырлы, сұлу
сырлы айылқияқ,
Кіндігі қырғыз ерме қамшысындай.
Селтеңдеп
сепсе қурай сырға қадап,
Саржағал сәлемдесед танысындай.
Жуалар шайқаңдаған
ол бір кербез,
Шалма орап мұсылманның абызындай.
Құс таңдай самал соқса сыбырласад,

Әзілді әйел, ажын-абысындай.
Солармен судырласып ойнайды жел,
Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай.
Неше елді аттандырған құтгы қоныс
Әлі тұр әсемдігі таусылмай.
Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,
Жерінің Жетісудың бәрі сондай!

Ілияс Жансүгіров өлеңдері

Барлық 55 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері