Күй (2-бөлім)
Ілияс Жансүгіров · 1894–1938 · 174 жол
Ботасыз бедеу боз інген,
Болжадым, бермен алдыршы,
Өрістен ұстап қалдыршы.
Мүйізгегін жондыршы,
Шал бураға шөгерші,
Боз қараған шалдыршы,
Жібектен бұйда тақтыршы.
Желекі кілем жаптыршы.
Желге-күнге тигізбей
Жекеше өзін бақгыршы.
Боталайды боз інген!
Болғай мың бір қатасыз,
Ал түшкірдім: «аптұщы!»
III
Күннен күн, аптадан ай, айлар өтті,
Төлежіп, түгі
түлеп, желін жетті.
Күн бітгі, боз інген де боталапты,
Ботасы алтын басты, күміс көтгі.
Бір ұры бұл ботаны ұрлап апты,
Бай дағы, бақташы
да білмей қапты.
Ботаны ел аулаққа буып тастап,
Енесін керуенге әкеп сатгы.
Ақдамда
апақ-сапақ сауда біткен,
Інгенді тіркеп
керуен жүріп кеткен.
Артына қарай-қарай,
боздай-боздай,
Құба құм,
қоңыр түнді күңіренткен.
Боздаған ботасына зар илеген,
Қозғалған қоңыр іңірді әлдилеген.
Екі көз
жасты өзендей сорғалатып,
Төрт табан құмды қосып нан илеген.
Сыр суы көңілі босап сыңқылдаған,
Аспанда қаз бенен
қу қыңқылдаған.
Тұнжырап жиде, жыңғыл дым үндемей,
Күйініп көкте жұлдыз,
жел жылаған.
Күркілдеп
жөтеліскен кейіп көппек,
Тартынып тұра
қалса көткеншектеп:
Тоқымға білеуітпен бұттаған құл,
Жол тартқан, қузап айдап «атшу», «шөк» деп.
Сатылған, саудаланған құл да ашулы,
Айрылған ботасынан бұл да ашулы.
Басы бір - біреуі адам, біреуі айуан,
Білсін бе бірақ бұлар мұңдасуды.
Қайғырған қара
түннің қараңғысы,
Томасарған тоғайдағы тораңғысы.
Жалғыз-ақ жылқышы құс көңіл айтып,
«Жоғыңның болсын,- деген,- оралғысы»!..»
Елсіз жер... еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян
зар тыңдаған,
Тұқырып
қала берген шеңгел мен ши.
Көбейген көк
жүзінде жұлдыз қоздап,
Боз інген зар
қақсаған жолда боздап.
Түктіде түйедегі зарлы сарын
Қажытпас қам көңілді қалай қозғап?
Қозғайтын қобыз
тартса әсіресе,
Төңкеріп жан көңілін әлденеше.
Құм
кезіп,
түзде безіп тыңдайтынбыз,
Түйенің күйін сонау тартқан кеше.
Түн қандай жазғы өліарадағы,
Үн қандай күңіренген даладағы.
Тартынса тықымына таяқтаған,
Тарынған тазша-дағы бағанағы.
Құл ұрса тартқан бұйда іркілмеген,
Бұйда үзсе -
қайта мықтап тірке деген.
Телміріп құлға төніп төгілген зар,
Дегендей
«неткен қатал шіркін» деген.
Дегендей:«тазша-ау, мені тақымдама,
Тап берме, таяғыңмен жақындама.
Өзің құл, өзің-дағы мен сықылды,
Ұрмастан
ойла соны! Ақыл бар ма?
Артығың менен сенің - білесің тіл,
Тіліңнің пайдасы не? Жайымыз бір.
Ботама босанайын, бұйдамды қи!
Маған мін, кел қашалық, қайталық жүр!.
Дегенге түсінсін бе, құл көнсін бе?
Құл қашып
қожасына, құмда өлсін бе?
Құл айдап,
түн жамылып, інген зарлап,
Керуен кете берген Үргеншіге...»,-
Деп күйші отырушы
ед ертегі айтып,
Зары деп Боз
інгеннің күйін тартып.
Егіліп ертегісін естуші едік,
Отыр деп кім байқаған шалды тантып.
Әсем күй саусақта би, саңғыраған,
Жүйрік үн жүрек
жалмап жамыраған.
Боздатса «Боз інгенді» зарлы қобыз,
Сарыны сар даланың аңыраған.
Кер дала, күрең түнгі керуен қандай,
Қоңырау күлдір-күлдір жүрген қандай.
Еңіреп күңіреніп сарындаған,
Зарлаған тіркеудегі інген қандай!
Боздауын қобыз
боздап, аңырауын
Қыл сарнап, керуеннің дабырауын
Ұғасың
анда-санда, ойнақы үннен,
Кей қағыс күлдірлетіп қоңырауын.
Алатау айрыларда алтын күннен,
Күйменен шал сөгілген күңіренген.
Кеш батып, кешкі қозы жамыраумен,
Қобыздан «інген зары» сонда үзілген.
Осындай ертегі айтып Молықбай шал,
Қобызға «Боз інген» деп қосқанда зар,
Жүректе жебе сауған мұңды дауыс,
Жанды улар, жыға жығар, жүрек құлар.
Емес пе бір тұрлаусыз
жас күн деген,
Жас жүрек албырт
асау бас білмеген.
Көр бала, көргені кем, көрсе ұнаған,
Қобызды
шалға күйін мастірлеген.
Күй сол ма ол күндегі бұлдайтұғын,
Сазы ма сұр
заманның тыңдайтұғын.
Басып па ед Алатауды ауыр бұлт,
Уайым орынды ма ед улайтұғын?
Ол ма еді күйі күйік зарлы заман?
Жаншылған зарлы
ма еді зар жылаған?
Күйініп күйін тартып, күйдірген шал,
Кім еді, білмей тұрып кінәламан.
Жара не шалдың сонау жүрегінде,
Зар оның жазылған
ба сүйегіне.
Болмаса жапан дала жылауда ма ед,
Мәнісін мен ол күнде білемін бе?
«Қажыған көңіл
қамын, жүрек жанын,
Қозғаған қобыздағы қоңыр сарын.
Әлемнің әуеніне бермес ем-ау,
Қазақтың
мұны тартқан күйші шалын.
Деп шалды өте мақтап, асырып тым,
Асыра сілтеңкіреп бағалаппын.
Жарғақ шал, жарық қобыз, жалғыз
дауыс,
Тартқаны кімнің күйі? Байқамаппын.
Сол шалдың тыңдай-тыңдай зарлы үнін,
Байыпты уайымға балғын күнім.
Сол бейбақ зарлай-зарлай соққан екен
Жұқтырып
жүрісінің ауыруын.
Ол қайдан жабыстырды жан ауырын,
Ішті ме жүрегі
оның өмір уын.
Ондайға мен тоқталман,
сын тоқталар,