Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінқара Үргешбайұлы өлгенде айтқаны

Абыл Тілеуұлы · 13 жол

Нағашың Ер Табынай – Аққұл, Айбас,
Қайының – Байбақты батыр Шолан тапа тайлас.
Ақылыңа өр мінез ерлігің сай,
Көрген жан бір өзіңе кінə қоймас.

Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай,
Адайда бір жан едің ар қуардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,

Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сейсемде қалды жатып Аютөсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,

Ажалға о да көнді – салған іске.

Абыл Тілеуұлы өлеңдері

Барлық 27 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері