Абыл мен Балдай қыз
Абыл Тілеуұлы · 9 жол
Отырған қарсы алдымда Балдайымыз,
Бал татыр жесе секер таңдайыңыз.
Сендерді жақын-жақын дей береді,
Қабылдың Тіленшісі қандайыңыз?
Балдай:
Жаз болса – ауылдасым, сусындасым,
Қыс болса – қораласым, қызылдасым.
Қабылдың Тіленшісін бізге қосып,
Басыңыз, Абыл-еке, ауырмасын, –