Баймағамбетке айтқаны
Абыл Тілеуұлы · 8 жол
Бопайдан туған əкең Айшуақ хан,
Табаның таймай тұр-ау мінген тақтан.
Дəлірген дажал сынды дəрежеңді
Деп жүрсің Құдай қорып, Қыдыр баққан.
Толы ел – толықсыған көлін тастап,
Қаңғырған Қайыпалды Тəңір қаққан.
Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын,
Байеке-ау, қай ісің бар елге жаққан?!