«Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп...»
Абыл Тілеуұлы · 8 жол
Ақ Балдай, отырмысың ісіңді істеп,
Кісіге «сөйлес» деген «үйге түс» деп.
Қолыңа қонған құсың құтты болсын,
Болыпты көзі тыртық, түлкі тістеп.
Жарасар салсаң тоқым қара көкке,
Құсыңыз қыран ба екен, салшы жеке,
Құсыңның оң көзінің жиегі жоқ,
Алмасақ жиектетіп Сегізекке.