Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шерниязға айтқаны

Абыл Тілеуұлы · 34 жол

Ат туар айғыр салса асыл тектен,
Бай, батыр, ақын, жыршы – бəрі де өктем.
Құрмаға мырза, шора жиналса да,
Айтайын шындық сырын бұрын өткен.

Нəсілін атаңыздың білемісіз,
Шығыпты Адай ағам қыздан еппен, –
дейді. Сонда Абыл:
Ат туар айғыр салса асыл тектен,

Бай, батыр, ақын, жыршы – бəрі де өктем.
Құрмаға мырза, шора жиналса да,
Айтыңыз шындық болса бұрын өткен.
Біреудің жаттамалы сөзін айтып,

Япырым-ай, мұнша неғып есің кеткен?
Бұл сөзді бір-екі ауыз кім үйреткен,
Шернияз соны үйреткен қайда кеткен? –
деп, сөздің төркіні Шернияздан келгендігін бірден сезіпті.

Сол кезде Шернияз шыға келіп, сəлем береді де, Абылды
арашалаған болып былай дейді:
Ат туар айғыр салса асыл тектен,
Асауды үйретеді күші жеткен.

Айғыр салмай үйірге Адай ағам,
Қыздан туа салыпты жеңгесі еткен.
Қайдан білсін Абекең кім екенін,
Тұқым шашып ананың өңіріне,

Құмартып өніміне егін еккен.
Шернияз екі сөзінде де Адай некесіз қыздан туыпты
дейтін аңызды тілге тиек етіп, Абылды қағыта өтеді. Оны
сезген Абыл:

Өзгеге тартқан жерім жоқ,
Қушық маңдай, шекесіз,
Өзіңмен өзім тең болсам,
Атамды сұрап не етесіз?!

Заманында өзі болған жігіттің
Жеті атасын сұраған жетесіз, –

Абыл Тілеуұлы өлеңдері

Барлық 27 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері