Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы

Абыл Тілеуұлы · 22 жол

...Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді,
Айтысса екі дүмді, қазар мінді.
Жүлдені шаппай алған жүйрік едім,
Талайдың айтысам деп сағы сынды.

Сіздерді бұрын-соңды көргенім жоқ,
Жол болсын, жолаушылар тағы сынды.
Сонда Орақ айтады:
...Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді,

Қағысса екі дүмді табар мінді,
Отырған ақбоз үйде қарындасым,
Бермесін бізге берген саған күнді.
Шөлдеген жолаушыға сусын бермей,

Салқам қыз салған жерден неге күлді?
Шалдырмас шаппай бердің өзі болсаң,
Жайланып, сөйлесейік келер күнді.
Орақтың орайлы да тегеурінді жауабынан кейін қыз сөз

жарыстырмай, сабыр етеді. Сонда Абыл екі жастың түсінісе
бастағанын сезіп, сөзбен сипай өтеді:
Екеуіңіз үйдестіңіз, бүйдестіңіз,
Сыпайы сыр айтысып сөйлестіңіз.

Адамның аңырғаны – жусағаны,
Манағы келер күнді не дестіңіз?

Абыл Тілеуұлы өлеңдері

Барлық 27 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері