Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Біреу бар...»

Абыл Тілеуұлы · 12 жол

Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.

Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған,
Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған.
Арадан айлар өтіп көргеніңде,
Дəт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған.

Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын,
Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Балқиды қорғасындай тұла бойың.

Абыл Тілеуұлы өлеңдері

Барлық 27 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері