Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көбелек пен маса

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбе сіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан ма саның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді. Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да сес көрсетеді:

—Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер менің мекенім,—деп әкіреңдейді.

Бұған көбелек саспайды:

—Бұл қораның үсті ғой, қоға емес!

—Тақылдама, мойныңды үзіп аламын!—дейді маса ызың дап. Бұған көбелек сықылдай кеп күледі:

—Күшің жетсе.

—Мен саған көресіңді көрсетемін,—дейді маса тызалақ тап.—Мына ұзын тұмсықты қалың теріңе сұғып жіберіп, қа ныңды сорып аламын!

—Мұныңа сенбеймін,—дейді көбелек әдейі қарсыласып. Маса ыза боп, қоқандайды:

—Сенбесең, көзіңмен көр!

—Қане, көрсетші.

—Қара да тұр! Осыны айтады да маса ұшып барып байлаулы тұрған өгіздің құлағына қонады. Сонан соң тұмсығын сұға бастайды. Сол кезде өгіз артқы аяғымен құлағын қасиды. Маса теріге сұққан тұмсығын қайта шығарып үлгергенше, тұяқ тиіп, мылжаланып қалады.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз