Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Түлкі мен қырғауыл

Мысал әңгімелер · 1 мин оқу

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып ағаштың басын да отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

—Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай?—дейді. Қыр ғауыл:

—Жақсы, өзің қалай тұрасың?—дейді. Түлкі:

—Жерге түсіп, сөйлесеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді,—дейді. Қырғауыл:

—Жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін,—дейді. Түлкі:

—Әй, достым, биылғы заман, бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, қырғауыл мен түлкі бірге жүр сін,—дейді. Қырғауыл:

—Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым! Мына жақ тан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін,—дейді. Ит деген сөзді есіткен соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл:

—Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе?— дейді. Түлкі:

—Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар,—дейді мің гірлеп.

Мысал әңгімелер

Барлығы: 47 мысал

Тағы оқыңыз