Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарны ашқан жолаушы

1 мин оқу

Бір қарт жолаушылап келе жатып, қарны ашып, жан қалтасындағы тарыдан бір уысын ауызына салғанда, алдындағы бұрылмадан бір жігіт шыға келіп:

—Ассалаумағалейкум,—деп қолын ұсыныпты. Тарыны жұта алмаған қарт сасқалақтап, жан қалтасынан бір уыс тарыны алып жігіттің қолына сала салыпты. Жігіттің де қарны ашып келе жатса керек, уысындағы тарыны ауызына құя салыпты. Қарт осы аралықта тарыны жұтып үлгеріп:

—Уағалейкумассалам, інішек жақсы ма?—деп жөпелдеме амандасыпты, тарыны жұта алмай қалған жігіт қылғынып тіл қата алмапты. Сонда қарт:

—Ой, сен өзің мылқаумысың?—деп атын қамшылап жүріп кетіпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз