Ортақ тілмен сөйлесетінбіз
1 мин оқу
Туысшылай қырға шыққан қалалық бір әйел сол ауылдағы әйелдермен әңгіме дүкенін құрып отырғанда, бір таныс ханзу әйел үйге күрек, дағар секілді егістік саймандарын сұрап келіпті. Отырғандардың бірде-біреуі әлгінің не деп жатқанын біле алмапты. Сонда бір қалжыңбас құрдасы әлгі қалалық әйелден:
—Ей, қатын, қаладан келдің ғой, мынау не деп жатыр?—деп сұрапты. Сасқалақтап қалған әлгі әйел:
—Үй, тәйір-ай, бұныкі жерлік тіл ғой, біз қалада ортақ тілмен сөйлесетінбіз,—депті шімірікпей.