Кісі байда біз құтыяйық
1 мин оқу
Бір әйелдің жақсы көретін замандасы амандаса келіпті. Бар-жоғын дастарханға салып әңгімелесіп отырғанда, ойнап кеткен балалары белдеудегі атты көріп, үйіне жүгіріп кіріп жайнап тұрған дастарханды сыпырып-сиырып ала жөнеліпті. Ызаға булыққан әйел замандасынан сырын жасыра алмай:
—Әкелері үйге тоқтамайды, осы қара құрттардан көргенімай! Кісі келсе, түгел құртып кетеді!—деп шағыныпты. Мұны естіген кіші ұлы шүлдірлеп:
—Апа, апа, кісі байда біз құтыяйық, кісі кеткен соң құты, ия, апа,—депті есіктен бір жылт етіп.