Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Өкпешіл бала

1 мин оқу

Бір өкпеші бала болыпты, әке-шешесі оған көп ақыл айтыпты, ұрысып та көріпті. Бірақ бала өзінің өкпешіл жаман әдетін қоймапты. Ақыры әке-шешесі ел ішіндегі бір ақылгөй адамнан ақыл сұрапты. Алайда бұл ақылгөй ақыл айтқанды былай қойып, баланың әке-шешесіне:

—Сендер балаға тойғызып тамақ бермейсіңдер, әйтпесе оның өкпелеуі мүмкін емес,—деп кінә тағыпты. Баланың әке-шешесі бұған мойынсал болмай, істің шынына әлгі кісінің көзін жеткізбек болып балаға тамақты мол дайындапты. Кешке бала қойдан келгенде, әдейі дайындалған мол тамақ алдына қойылыпты. Мұны көрген өкпеші бала:

—Маған мынадай көп қойғанда, өздерің қаншама көп жеді екенсіңдер,—деп өкпелеп жата кетіпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз