Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ата салтты білмеген ұл

1 мин оқу

Бір шал баласын ертіп жолаушылап құдасының үйіне барады. Құдасы мал сойып, ет асады, ет пісіп табақ алдыға келеді. Шал басты алып кескенде, баласы жамбасты жұлып алып кесе бастапты. Әкесінің ашуы келсе де, құдасының үйінде ләм-мим демепті. Қайтар жолында екі сайдың құйылысына келгенде, баласы әкесіне:

—Әке, мына сайдың қайсысымен жүреміз,—деп сұрапты. Сонда ашуға әбден булыққан шал:

—О, әкеңнің көрі, кеше жамбасты қалай кесуді сұрамаған, бүгін қалай жүруді сұрап тұрмысың,—деп қамшымен салған екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз