Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айып төлеп келемін

1 мин оқу

Бір қария келе жатып, таныс бір жігітке кезігеді. Қария:

—Е, жігітім, жағаң жайлауда, майрағай да тайрағай, ерекше қуаныштысың ғой, қайдан келесің?

—Жиыннан келемін, қойымның елу пайызы егізден төлдеп, мал басы өскендіктен аудандағы озаттар жиынынан келемін.

—Жақсы болыпты, бақыт баянды болғай.

Қария екінші рет сол жігітке тағы да кезігіп қалып:

—Е, жігітім, солкінінің түсіп, көңілің жабырқаңқы ғой, қайдан келесің?

—Былтыр малым егізден төлдеп мал басы өсіп озат болып едім, биыл әйелім жоспардан тыс жүкті болып, айып төлеп келемін,—деген екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз