Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сабында шатағың болмасын

1 мин оқу

Ертеректе шелек, саптаяқ шабатын азын-аулақ өнерін мақтан ететін біреу өзіне ісі түсіп келген бір топ адамға өнерін әңгімелеп отырып:

—Бір саптаяқ шапқан едім. Құрғырдың өрнегінің бәрі ішінде қалыпты да, сырты қожалақтау болып қалған екен. Жылқының майын келістіріп жағып, әбден жібіген соң аударып кеп қалып едім, не қыласың, өрнегінің бәрі сыртына шыға келгені бар емес пе?—депті. Сонда қушыкеш біреуі:

—Үлкен кісі оның сабын қайттыңыз?—дегенде, «өнербай» іркілместен:

—Оның сабында шатағың болмасын,—депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз