Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шалдың ажалы

1 мин оқу

Бір шал кемпірі мыжыңдап ұрса берген соң «осы кемпірдің зәресін бір алайын» деп ойлапты. Бір күні үйінің қасындағы үйдей жартастың үстіне шығып бір топ аршадан ұстап, екі аяғын жартастан салақтатып жіберіп:

—Кемпір, кемпір,—деп дауыстапты. Кемпірі далаға жүгіріп шығып салақтап тұрған шалын көріп:

—Мына шалды қаққан екен, ойбай-ау, саған не болды?— депті бажалақтап. Сонда шал:

—Болды кемпір, болды маған жаның ашымай-ақ қойсын! Осы жартастан ұшып-ақ өлейін, күнде қазымырланып құлағыма маза бермеуші едің, мен өлген соң жерің кеңіп, зарламайтын боласың,—дей бергенде, түбі шіріп тұрған арша жұлынып кетіп, шал жартастан ұшып кетіпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз