Жалшы
1 мин оқу
Бұрынырақ бір бай жалшысына:
—Бүгін үйге алыстан қонақ келмекші, сен отардан бір ту қой әкел. Өңгеруші болма, сүбесі езіледі. Сонан соң атыңды қинамай, жолсыз, әрі жолды жермен жүр!—деп бұйырыпты.
Байдың жаңсақ айтылған сөзін ішке түйіп, малға барып бір семіз саулықты өңгеріпті де, ауылға жақындағанда, өзінің ала күшігін қойға қосақтап айдап жетіпті. Кешкі апақ-сапақта есік алдында тұрған бай әлгі жолдасының қылығын көріп ызаланып:
—Ей, малғұн, бұл не қылғаның, денің сау ма?—деп ақырыпты. Сонда жігіт:
—Байеке ашуланбаңыз, өзіңіз «жолсыз, әрі жолды жермен жүр» демедіңіз бе?! Сол әміріңізге амалдап қойға ала күшігімді қосақтап едім, ит жолсыз жерге, қой жолға тартып екеуімен кезек жүріп әрең жеткенім, тақсыр,—дегенде бай ештеңе дей алмай қалыпты.