Бал жүректі ауыртады
1 мин оқу
Бір сараң үйінде нанға бал жағып, жеп отырады. Үстіне бір танысы кіріп келеді.
Сараң нанды жасырып, балды жасырып үлгермейді. Құр балды жей бермес деп ойлап, келген танысына:
—Бал жей отыр,—дейді.
Ол балды нансыз-ақ асап жей береді. Барлығын жеп қояды екен деп сараңның зәресі ұшып шыдай алмай:
—Балды көп жей берме, жүрегіңді ауыртады,—дейді.
Танысы сараңның ниетін түсініп:
—Сенің жүрегіңді ауыртпаса, менің жүрегімді ауыртпайды!—депті.