Алаңғасар
1 мин оқу
Ертеде бір алаңғасар болыпты. Бір күні қар жауып тұрғанда ауылдың бозбалалары қалжыңдап:
—Бүгін ізбасты ғой. Мына ауылдан бір қой алып кел!—дейді алаңғасырға.
—Өзім де күн ашылсын деп тұрмын,—дейді ол.
Күн ашылған соң алаңғасар көрші ауылға барып, бір қойды жетелей жөнеледі. Қой тартынып жүрмейді. Алаңғасар ыза болады. Қойды қардың үстіне бауыздап, ауылға сүйреп әкеледі. Ауылдағылар:
—Мұның ізін қайтеміз,—деп сасады. Алаңғасар:
—Ізі несі? Аяғы жерге тиген жоқ қой,—дейді.