Өмір мен ұста
1 мин оқу
Өмірдің бір құрбысы темір соғатын ұста екен. Өмір соған таға соғып бер деп тапсырыпты. Ертеңіне Өмір дүкенге келсе, көрік басында жерде жатқан үш-төрт тағаны көріпті де, еңкейіп біреуін ала беріп, қайта тастай салыпты. Оттан суырып жерге тастай салған көк темірдің ыстық екенін ол білмепті.
Манадан бері әдейі үндемей тұрған ұста артына бұрылып:
—Ә, батыр, қалай екен, қолыңды тентек темір тістеп алды ма?—депті әзілдеп.
Сонда құрдасының әдейі әжуалап тұрғанын түсіне қойған Өмір:
—Жоқ, көтере алмадым,—деп іле жауап беріпті.