Әдепті жауап
1 мин оқу
Бір қоңылтақ шаруа кісінің әйелі аса салақ, әрі олақ екен. Сондықтан олар бала-шағаларымен әрдайым жалба-жұлба болып, кір киім киіп, қалай болса солай жүре береді. Бірақ бұған ауыл адамдарының көзі үйреніп кеткендіктен ескермейді екен. Тек бірде көрші ауылдан келген көлденең кісі көріп:
—Апырай, ақсақал, жеңіңіз жалбырап тұр екен. Түймелеріңнің біреуі ғана қалыпты, әйеліңіз жоқ па еді?—дейді.
Сонда ана кісі жымиып:
—Әй, шырақ-ай! Әйел бар болғыр менде жоқ, тек балаларымның шешесі ғана бар,—деп жауап беріпті.