Аңқау әйел
1 мин оқу
Ертеде бір жігіт үйленеді. Өлмелі ауру анасы бар екен. Оны әйелі жақтырмайды. Өлсе екен деп тілейді. Күйеуіне:
—Анаң әбден бәле болды. Онан қалай құтыламыз?—дейді.
Жігіт анасын жақсы көреді екен, өлмесе игі еді деп тілейді. Әйеліне:
—Онан құтылу оңай: күнде майға өкпе-бауыр қуырып бере бер, сонда ол өзі-ақ өледі,—дейді.
Әйелі аңқау екен. Күйеуінің айтқанын істейді. Кемпір ауруынан айығып кетеді.